Денис Теннің бапкері қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Шебер өз мансабында ондаған көрнекті мәнерлеп сырғанаушыны дайындады

Фото: Instagram/denisten_official

Марқұм Денис Теннің бапкері, аты аңызға айналған Фрэнк Кэрролл 85 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты АҚШ мәнерлеп сырғанау қауымдастығы растады.

Шебер өз мансабында ондаған көрнекті мәнерлеп сырғанаушыны дайындады.

 «Ол көптеген Олимпиада және Әлем чемпиондарының, сондай-ақ көптеген болашақ Даңқ залы иегерлерінің мансабында маңызды рөл атқарды», - делінген хабарламада.

Фрэнк Кэрролл Құрама Штаттардағы мәнерлеп сырғанаудан ең табысты жаттықтырушы ретінде танылды. Денис Теннен бөлек, оның шәкірттері қатарында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондары Линда Фратиани, Мишель Кван және Эван Лисачек болды.