09.06.2024, 20:26
Оқиғалар
Атырау облысында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, екі адам қайтыс болды
Жол апаты Мақат ауданындағы тасжол бойында орын алған
Фото: Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы оқиға орнында, ал көлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Бұл туралы Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлік ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 9 маусымда болған.
«Түнгі сағат 00:30 шамасында Мақат ауданындағы Доссор кентінен Құлсары қаласына қатынайтын жолдың 92-шақырымы тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол үстінде екі көлік соқтығысты. Оның бірі – жүк көлігі. Екіншісі – Nissan Teana жеңіл көлігі. Жол апатының салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды