07.06.2024, 21:46
Оқиғалар
Шымкентте жол ережесін бұзған жүргізуші полицейді көлігімен сүйреп әкетті
Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде жеңіл көліктің капотына мініп, оны тоқтатпақ болған полицейдің видеосы тарады. Оқиға Шымкент қаласында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Кадрлардан патрульдік полиция қызметкерінің көліктің капотына мініп, Toyota жүргізушісін тоқтатуға тырысқанын көруге болады.
Көлік тоқтамас бұрын, полицейді бірнеше метрге дейін сүйреген.
Полиция департаменті видеоға түсініктеме берді.
«Тәртіп сақшысы Toyota жүргізушісін жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тоқтатпақшы болған. Бірақ ол тәртіп сақшыларының талаптарына бағынбады. Осы жағдайдан кейін, құқық бұзушыға бірнеше бап бойынша хаттамалар жасалды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды