Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 68 адам
Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Өрікті ауылының 3 тұрғынының коронавируспен ауырған жағдайы тіркелді. 1996, 1997 жəне 2004 жылы туған бұл үш азамат бір отбасының мүшелері, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Олар - бұған дейін ауруы тіркелген 1969 жылы туған пациенттің туыстары. Қазір олар Еңбекшіқазақ ауданаралық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды»,-делінген хабарламада.
23 сəуір күнгі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 68 болды.