24.04.2020, 04:25
Оқиғалар
Екібастұз қаласының сегіз тұрғынынан COVID-19 анықталды
23.04.2020 ж. сағат 22:40-тағы мәлімет бойынша
Екібастұз қаласының сегіз тұрғыны коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Оның ішінде 1940 жылы туылған ер адам және 1947, 1966, 1968, 1990, 1992 жылы туған бес әйел адам тіркелген. Сондай-ақ коронавирус инфекциясы кәмелет жасқа толмаған 2 балада тіркелді, олар2013 жылы туылған қыз бен 2014 жылы туылған ұл бала», - делінген хабаламада.
Барлық науқастар бұрын COVID-19 анықталған адамдармен байланыста болған. Барлық жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні, сағат 23.30-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 58 факті тіркелген.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды