$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2020, 03:15
Оқиғалар

Нұр-Сұлтан полицейлері 42 500 теңгені ұрлаған алаяқты ұстады

Әлеуметтік төлем банк шотынан ақша ұрлаған

Нұр-Сұлтан полицейлері 42 500 теңгені ұрлаған алаяқты ұстады

Елода полицейлері банк картасынан 42 500 теңгені ұрлаған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Төтенше жағдай кезінде полицияға астананың 21 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер оның банк шотынан ақша ұрлағанын айтты. Шағымданушы бұл қаржыны төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік көмек ретінде алғанын жеткізді. Криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар 23 жастағы «Т» есімді азаматты құрықтады. Күдікті еш жерде жұмыс істемейді, бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған. Соған қарамастан ол банк карталарынан ұрлық жасауды жалғастырған», – деп хабарлайды полиция департаменті.

Мәліметке сай, ер адам жәбірленушінің банк картасының реквизиттерін қылмыстық жолмен алып, ақшаға қол жеткізген. Одан кейін бұл қаражатқа онлайн сауда жасап, спорт ойындарына ақша тіккен. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полицейлер әлеуметтік көмек ретінде берілген 42 500 теңгесі ұрланған азаматтарға 8(7172)716335, 8(7172)716291, 8-778-601-04-07 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтардан банк карталарының реквизиттері мен СМС-парольдерді ешкімге, банк қызметкерлеріне де айтпауды өтінеді. Банк қызметкерлері ешқашан хабарласып, жеке мәліметтерді жинамайды. Ал сондай жағдай болған кезде бірден банкпен байланысып, транзакциялар мен карталарды бұғаттап, полицейлерге хабарлау қажет.

Серіктес жаңалықтары