Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен іс қозғалмаған - Марат Қожаев

Автор: Темірхан Айжан

ІІМ жауап берді 

Фото: видеодан кадр

ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, Бишімбаевтың туыстарының арызданғандықтан іс қозғалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірақ іс «жалған ақпарат тарату» бойынша қозғалған. Яғни, қылмыстық іс Айтбек Амангелдінің үстінен емес, жеке іс ретінде ашылған. 

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Айтбек Амангелдіге қатысты іс қозғалғанын мәлім еткен еді.