05.06.2024, 11:34
Оқиғалар
Алматыда дәмхана иелері қоқыс жәшіктерін өзенге апарып жуған
Дәмхана әкімшілігіне айыппұл салынды
Алматыда Тереңқұр өзенінде қоқыс жәшігін жуған дәмхана әкімшілігіне айыппұл салынды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды.
«Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары тексеру жүргізіп, бұл заңсыз әрекетті Тереңқұр өзенінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінің қызметкерлері жасағанын анықтады. Бұл дерек бойынша аталған мекеменің әкімшілігіне ҚР ӘҚбК-нің 505-бабында көзделген құқық бұзушылық – қаланы абаттандыру ережелерін бұзу бойынша хаттама толтырылды», - деп хабарлады ПД.
Айыппұл мөлшері 30 АЕК құрады.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 16:20
Шығын – 4,1 млрд теңге: Астанада Mardan тұрғын үй кешеніне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
22.09.2026, 23:19
Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынып, айыппұл төледі