04.06.2024, 16:21
Оқиғалар
Қарағанды облысы әкімдігі мердігерге орындалмаған жұмыс үшін 15 млн теңге төледі
Айыпты лауазымды тұлғалар анықталды
Фото: istockphoto.com
Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуратурасы «Нұра ауданының құрылыс бөлімі» ММ нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Нұра кентіндегі Ақпасов көшесінде 20 жалдамалы екі пәтерлі тұрғын үй салу жұмыстарына 1 млрд теңге сомасы төленген. Талдау нәтижелері бойынша мердігер 15 378 015 теңгеге жұмысты аяқтамағаны анықталды», - делінген хабарламада.
Аудан прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде, мердігердің өз міндеттемелерін адал орындамауына байланысты, 15 378 015 теңге мемлекет кірісіне қайтарылды.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты