$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2024, 17:19
Оқиғалар

Алматылық дәрігерлер науқастың аяғын 10 сантиметрге ұзартты

Дәрігердің сөзінше, 1,5 сағатқа созылған ота сәтті өтті 

Алматылық дәрігерлер науқастың аяғын 10 сантиметрге ұзартты
Фото: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

Алматылық дәрігерлер өздігімен жүре алмай қалған науқастың жамбас буындарына эндопротездеу операциясын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 55 жастағы науқас жамбас сүйегі аймағындағы ауырсыну, жүріп-тұруының қиындауы мен бір аяғының 10 см-ге қысқа болуына байланысты Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылған.

«Науқас жамбас мойнының ескі сынуының салдарынан оң аяғының 10 см-ге қысқаруынан зардап шекті. Уақытылы хирургиялық араласудың болмауы салдарынан аяқ уақыт өте келе қысқарып, науқастың өмір сүру сапасын едәуір нашарлатып, созылмалы ауырсынуды тудырды және қозғалысты шектеді», - дейді травматолог Дәулет Чукманов.

Дәрігердің сөзінше, операция 1,5 сағатқа созылды.

Ота сәтті өтті.

Серіктес жаңалықтары