Ыстамбұлда тұрғын үй опырылып түсті: зардап шеккен қазақстандықтар бар ма

Автор: Azattyq Rýhy

СІМ мәлімдеме жасады

Фото: Yeni Şafak

Өткен демалыс күндері Ыстамбұлдың батысында төрт қабатты үй құлады. Оқиға орнында қазақстандықтар бар ма, бұл туралы ақпарат Сыртқы істер министрлігінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз түрік билігінен ақпарат сұраттық, қаза тапқан және зардап шеккен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ», - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Құтқарушылар қиранды астынан бірден жеті зардап шегушіні шығарып алды, бір адам қаза тапты.