Ақмола облысында төтеншеліктер қарт адамды құтқарды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеру кезінде ер адамның инсультпен ауырғаны анықталды

Фото: ТЖМ

Щучинск қаласында құтқарушылар 3-қабаттың балконынан үш иінді баспалдақ арқылы қарт адам тұрған пәтердің есігін ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар жедел әрекеттерінің нәтижесінде ер адамды құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

«Тексеру кезінде ер адамның инсультпен ауырғаны анықталды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.