Қызылорда облысында мал қорасы өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Видеодан алынған кадр

Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде жалпы алаңы 525 шаршы метрді құрайтын мал қорасының төбесі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында 35 жылқы қауіпсіз қашықтыққа айдалды.

Өртті құтқарушылар толықтай сөндірді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.