Павлодарлық құтқарушылар қаза болған теплоход капитанының денесін тапты

Azattyq Rýhy

Болжам бойынша, 59 жастағы ер адам теплоходтың палубасынан құлап кеткен

Павлодарлық құтқарушылар қаза болған теплоход капитанының денесін тапты
Фото: istockphoto.com

Шабар ауылының маңындағы Ертіс өзенінде теплоход капитаны суға батып кетті. Іздеу жұмыстары 20 күнге созылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 мамыр күні түнде болған. Келесі күні таңертең іздеу жұмыстарына төрт сүңгуір келіп жетті. Болжам бойынша, 59 жастағы ер адам «Қазақстан Су Жолдары» РМҚК-ға тиесілі теплоходтың палубасынан құлап, суға батып кеткен.

Іздеу жұмыстары он күнге созылды, бірақ нәтиже бермеді. Туыстарының өтініші бойынша жұмыс одан әрі жалғастырылды.

«20-шы күні біз денені Аққулы ауылынан 60 шақырым жердегі төмен ағыста таптық. Өзен әлі өз арнасына түспегендіктен, су лай, ештеңе дұрыс көрінбеді. Біздің сүңгуірлер өмірлерін қатерге тігіп, суға сүңгіді. Судың ішінде қоқыстар көп», - деді азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Қасымов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.