Шымкентте полицейлер жоғалған 56 жастағы әйелді отбасымен қауыштырды

Azattyq Rýhy

Жоғалған әйелдің денсаулығымен қиындықтары болған

Шымкентте полицейлер жоғалған 56 жастағы әйелді отбасымен қауыштырды
Видеодан алынған кадр

Шымкентте есте сақтау қабілеті тұрақсыз азаматшаның жоғалып кеткені туралы туыстары дабыл қағып, полицейлерден көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

Туыстары қаланы жақсы білмейтін және есте сақтау қабілеті тұрақсыз азаматшаның үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткенін жеткізді.

«Жоғалған азаматшаның жүрген жерін анықтауға полиция қызметкерлері мен волонтерлар жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары оның болуы мүмкін деген барлық орындарды аралап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, көру-білуі мүмкін адамдардан сұрастырды. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде патрульдік полиция полкінің инспекторлары азаматшаны аман-есен тауып, қызымен қауыштырды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.