Ақтөбедегі спорт мектебінің қызметкерлері бала өлімі үшін тек қатаң сөгіс алған
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі өз еркімен жұмыстан кеткен
Ақтөбедегі Есет батыр атындағы спорт мектебінің басқарма басшысына, мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісіне оқушы өлімінен кейін қатаң сөгіс жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Еркін күрестен 4 жаттықтырушы жұмыстан шығарылды, бірінші маусымнан бастап олар мекемеде жұмыс істемейді», - делінген Аqtobe_sergek хабарламасында.
Ал мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі өз еркімен жұмыстан кеткен.
Еске салсақ, 11 сәуір күні Ақтөбе облысында мектеп-интернаттың оқушысы Бексұлтан Әубәкір кенеттен көз жұмған болатын. Спорт мектебі басшылығының хабарлауынша, жігітке бапкері алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалуға тырысқан, қолынан келмеген соң 103 бригадасын шақырған.13 жасар жасөспірімнің туыстары спортшының өлімі ұрып-соғу салдарынан болғанын айтты. Полиция күдіктіні ұстап, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.