23.04.2020, 10:12
Оқиғалар
Маңғыстау облысында ақтаулық тұрғын коронавирус жұқтырған
Өңірде 19 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды
Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды. Ол 24 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Бүгінде науқас облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған», делінген хабарламада.
23 сәуір күнгі жағдай бойынша өңірде 19 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
Бүгін, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды