Алматыда курьерлер жаппай төбелес ұйымдастырды (ВИДЕО)
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматыда мопед және автокөлік жүргізушілерінің арасында төбелес болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға Алматы City Plus ТК маңында болған.
«Оқиға 27 мамырда кешкі сағат 9-да болды. Автокөліктің иесі, азаматтық белсенді А. апаттан кейін бірден басына арматурамен соғылды (мопед Toyota Land Cruiser бамперін тырнап алды). Төбелестен кейін, куәгерлердің айтуы бойынша, бұзақылар қашып кетті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді», – делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада.
Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.