Павлодар облысындағы есепшілер жалақыны аудару кезінде 27 миллион теңгені жымқырған

Автор: Azattyq Rýhy

Ұрлық екі жыл бойы жүзеге асырылған

Коллаж: Azattyq Ruhy

Павлодар облысында есепшілер жеке шоттарына заңсыз ақша аударған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұрлық 2021 жылдан 2023 жылға дейін жалғасқан. Есепшілер тіркелмеген қызметкерлердің есепшотына ақша салып, кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырған, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. Мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде төленді.

Есепшінің бірі 3 жыл 6 айға, екіншісі 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі уақытта Шарбақты ауданы бойынша пробация қызметінің бақылауында әйелдер апта сайын тіркеуге келіп, тәртібі туралы есеп беруі, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтауы, сот белгілеген міндеттерін орындауы қажет.

Үкімге сәйкес, оларға бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстанда лудоман-бухгалтердің бюджет қаражатын жымқырғаны жөнінде белгілі болды.