$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2024, 15:31
Оқиғалар

«Соққыны өзімізге қабылдауға дайын болдық»: Ақмола облысында полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды

Жол бойында қарсы бағытқа шыққан көліктің жүргізуші рульді басқара алмай қалған

«Соққыны өзімізге қабылдауға дайын болдық»: Ақмола облысында полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында патрульдік полицейлер трассада болуы ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы аяқталуы мүмкін оқиға 24 мамырға қараған түні болды. Патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Ахметовтың айтуынша, екі шағын автобуста жазғы лагерьден қайтқан 22 бала болған. 23 мамыр күні түстен кейін Бурабай ауданынан шыққан. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін колоннаны облыстық батальонның 4 взводының қызметкерлері Бүркіт Алшынбаев пен Рыспек Қабдрашев еріп жүрді.

Түнгі сағат 02:15 шамасында Екатеринбург – Астана автожолымен, Жақсы ауданының аумағында жүріп келе жатқан патрульдік экипаж қарсы жолақ бойымен қозғалған ауыр жүк тасуға арналған көлікті байқады.

Полицейлер жүргізушіге фаралар мен арнайы құрылғы арқылы сигнал берді, бірақ жүк көлігі қозғалысын жалғастырды. Кейінірек белгілі болғандай, көлік құралы бұзылып, жүргізуші көлікті басқара алмады.

Артында балалардың келе жатқанын түсінген патрульдік экипаж өз өмірлерін қиюға дайын болды. Бақытымызға орай, соңғы сәтте ауыр жүк көлігінің жүргізушісі басқаруды бақылауға алып, бір жаққа бұрыла алды, алайда соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады: жүк көлігінің тіркемесі патрульдік көлікке механикалық зақым келтірді.

Бүркіт Алшынбаевтың айтуынша, жол бойында белгіленген қашықтықты сақтаған шағын автобустардың жүргізушілері де кәсіпқойлық танытып, апатты жағдайды көріп, тиісті шараларды қабылдап, біртіндеп жол жиегіне шығып кетті. Полицейлердің өздері дұрыс шешім қабылдау үшін 1-2 секунд ғана болды дейді.

«Соққыны өзімізге қабылдауға дайын болдық», – дейді Бүркіт Алшынбаев.

Бұл қарапайым сөздердің артында кез келген полиция қызметкері қауіп төнген жағдайда көрсетуге дайын үлкен батылдық пен жанқиярлық жатыр. Төтенше жағдай жасағаны үшін жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары