$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2020, 14:05
Оқиғалар

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 млн 500 мыңнан астам адам тіркелді

22 сәуір күнгі таңғы мәліметтер

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 млн 500 мыңнан астам адам тіркелді

Дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 559 749 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Қайтыс болғандар — 177 746 (+6 338) адам, жазылып шыққандар — 692 786 (+42 687)  адам»,- делінген хабарламада.

Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 459 адам анықталды

Бұл елде жалпы 6 723 адам коронавирусты жұқтырған. Жақында тағы 4 адамның көз жұмғаны белгілі болды. COVID-19-дан қайтыс болғандардың жалпы саны — 55. Оған қоса, тағы 63 науқас ауруынан айығып шыққан. Жалпы жазылып шыққандар саны 577-ге жетті.

Италияда тағы 2 729 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелді

Коронавирус инфекциясын барлығы 183 957 адам жұқтырған. Жақында 534 адам вирустың салдарынан көз жұмды. COVID-19-дан жалпы 24 648 адам қайтыс болған. Ал жазылып шыққандар саны — 51 600 адам. Пандемия басталғалы 52 000 жуық тест жасалған.

АҚШ-та коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 810 561-ге жетті

COVID-19-дан 43 630 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда АҚШ әлемде коронавирусты жұқтырғандар мен оның кесірінен көз жұмғандар саны бойынша бірінші орында тұр.

 Францияда бір тәулікте коронавирустан 531 адам көз жұмды

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны — 117 324. Бұл елде барлығы 20 797 адам вирустың салдарынан қайтыс болған. Францияда 30 106 адам ауруханада жатыр, оның ішінде реанимация бөлімшелерінде — 5 443 адам.

Берлинде 27 сәуірден бастап қоғамдық көлікте маска тағып отыру міндеттеледі

Сонымен қатар, қазан айының соңына дейін 5 мыңнан астам адам қатысатын барлық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Тайландта 31 шілдеге дейін шетел азаматтарына виза автоматты түрде ұзартылады

Грузияда коронавирус инфекциясының таралуына байланысты төтенше жағдай режимі 22 мамырға дейін ұзартылды

Серіктес жаңалықтары