Қырғыздар заңсыз мигранттарға айыппұлды көбейтпек

Темірхан Айжан

Бұған дейін қырғыздар мен шетелдік азаматтар арасында төбелес болған 

Қырғыздар заңсыз мигранттарға айыппұлды көбейтпек
Фото: Istockphoto

Қырғызстан елге заңсыз кірген шетелдіктерге салынатын айыппұл мөлшерін өсірмек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрінің орынбасары Бақыт Дарманқұлұлы шетелдіктер төлейтін мемлекеттік баж мөлшері – 20 мың сом, ал заңсыз кіргендерге салынатын айыппұл мөлшері – 5 500 сом екенін айтты.

«Егер айыппұл сомасын 40-50 мың сомға дейін өсірсек, әділетті болады, заңгерлер шетелдіктерге мемлекеттік баждан гөрі айыппұл төлеуді ұсынады»,- деді ол.

Еске салсақ, 17 мамырда Қырғызстанда жергілікті тұрғындар мен шетелден келген жастардың арасында жанжал шығып, арты тәртіпсіздікке ұласқан. Қырғызстан полициясы аяғынан тік тұрды. Сол түні көшеге 700-дей адам шығып, шетелдіктердің әрекетіне наразы болған. Олар көшелерді жауып тастап, шетелдіктер жатқан жатақхананың терезелерін шағып тастаған. Жиналғандар келесі күні таң ата тараған.

Қырғызстан билігінің мәліметінше, тәртіпсіздіктер кезінде 41 адам зардап шегіп, оның 11-і ауруханаға жеткізілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.