23.05.2024, 15:28
Оқиғалар
Шымкентте әйел 99 дана трамадолды үйінде сақтаған
Абай ауданының полиция басқармасы оқиғаға байланысты тергеу жұмысын жүргізіп жатыр
Фото: скриншот
Шымкент тұрғыны үйінде ірі көлемде есірткілік затты сақтаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar-ға сілтеме жасап.
Күдікті әйелдің пәтерін тінту кезінде полицейлер трамадолдың 99 пластинасын тапты. Таблеткалар кіреберістегі аяқ киім шкафында тұрған. Әйел құрамында психотроптық заттар бар анальгетикті көшеден тауып алдым деп ақталған.
Еске салайық, Қазақстанда есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сатып алғаны және сақтағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)