$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Иракта бомба жарылып, бір отбасының алты адамы қаза тапты

Жарылыс салдарынан тағы екі сарбаз қаза тапты

Иракта бомба жарылып, бір отбасының алты адамы қаза тапты
Фото: Euronews

Бағдаттың солтүстігіндегі Салах-эд-Дин провинциясында жол бойында бомба жарылып, салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың барлығы бір отбасы мүшелері, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аймақ полициясының өкілі Мұхаммед әл-Базидің  айтуынша, жарылғыш құрылғы кешке Салах-эд-Дин провинциясының Байджимен көршілес Анбар провинциясындағы Хадита  қаласы арасындағы шөлді жолдағы көліктің жанында жатқан.

«Ирактың қауіпсіздік күштері оқиға орнына келіп, оқиғаны тергеуді бастады, ал жедел жәрдем ауруханаға жарақат алғандарды жеткізді»,- деп қосты М. Әл-Бази.

Синьхуа хабарлағандай, Салах-эд-Дин провинциясының шығысындағы жол бойынша жарылған бомбаның әсерінен армия көлігі де жарылды, нәтижесінде екі сарбаз қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жарылыс #Ирак