Терроризм идеясын насихаттады деген күдікпен бір ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктіні 22 мамыр күні қолға түсірген

Фото: ҰҚК

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризм идеясын насихаттады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Операцияға прокуратура органдары мен полиция көмектескен. Дереккөзіне сүйенсек, ұсталған күдіктіден тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдер табылған.

«Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Тегтер: