23.05.2024, 09:12
Оқиғалар
Қабанбай батыр атындағы кадет мектебінде болған жаппай төбелестің бейнежазбасы тарады
Кадет мектебінің қырықшақты оқушысы төбелесіп, үшеуі жарақат алған
Павлодардағы кадет мектебінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Айта кетейік, мектептің қырықшақты оқушысы төбелескен. Дереккөзге сүйенсек, кадет мектебіндегі әртүрлі сыныптың ұлдары төбелескен. Үш бала ауруханаға түскені белгілі болып отыр.
Павлодар облысының полиция департаменті оқиға Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мамандандырылған мектеп-лицей интернатында болғанын растады.
«Үш бала жарақат алған. Полиция оқиғаға қатысты «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 20:18
Түнде -2°C-қа дейін үсік, жаңбыр мен найзағай: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
04.09.2026, 11:20
Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан жұбайын пышақтап өлтірген: 54-тегі әйел ауруханада жан тапсырды