Оқиға салдарынан екі ер адам түрлі дене жарақаттарын алған
Ақтөбе облысында Самара-Шымкент республикалық тас жолының учаскесінде жүк және жеңіл автокөліктерінің соқтығысып, зардап шеккендер түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға салдарынан екі ер адам түрлі дене жарақаттарын алған.
«Оқиға орнында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Қырғызстан Республикасының азаматтары болып табылатын науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.