22.05.2024, 15:01
Оқиғалар
Оралда жоғалып кеткен үш баланың анасы табылды
Ол байланысқа өзі шыққан
Фото: freepik
Оралда 26 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткен 3 баланың анасы Айнагүл есімді келіншек табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Немолчи.кз» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дина Таңсәрі жоғалған әйелдің хабарласқанын айтты.
«Айнагүл байланысқа шықты. Өзінің суреттерін алып тастауды өтінді. Алаңдаған достары мен әріптестеріне алғыс айтты. Бізге хабарласқан адамның дауысы Айнагүлдікі екеніне көз жеткіздік»,- дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Оралда 3 баланың анасы Айнагүл жоғалған кезде оның күйеуі бір апта оны іздемеген. Қорға оның достары мен әріптестері хабарласып, көмек сұраған еді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы