Абылай Мырзахметовтың жиған қаражаты тексеріле ме

Темірхан Айжан

13 мамырда Абылай Мырзахметов 5 жылға сотталған болатын

Абылай Мырзахметовтың жиған қаражаты тексеріле ме
Фото: Azattyq Ruhy

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтың жиған капиталының заңдылығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Біздің өндірісте оған қатысты ешқандай қылмыстық іс жоқ», - деді Жеңіс Елемесов.

Оның айтуынша, ҚК 218 – бабы «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және мүлікті заңдастыру» бойынша жасалған қылмысты тексеру тиісті құқық қорған органдарының құзіретіне кіреді.

Еске салайық, 13 мамырда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталған. Оған азаматтың 13,9 млрд теңгесін жымқырды деген айып тағылды.  

Мырзахметовтің мүлкіне салынған тыйым өз күшінде қалдырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.