$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абылай Мырзахметов бес жылға сотталды

Оның мүлкіне салынған тыйым өз күшінде қалдырылды

Абылай Мырзахметов бес жылға сотталды
Фото: «Атамекен» ҰКП

Бүгін, 13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотта Мырзахметовтың 2022 жылы мамыр айынан қазанға дейінгі аралықта Б.-ға ағасын қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату мәселесін шешуге мүмкіндігінің бар екендігін айтқаны анықталды. Ол ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы бұл мәселе шешілетінін жеткізген. Ақырында  алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы алаяқтық жолмен формальды түрде қарыз шарттарын ресімдей отырып, Б.-ның аса ірі мөлшерде 13,9 млрд теңгесін жымқырған.

Сотталушы кінәсін мойындап, әділ жаза тағайындауды сұрады.

«Сот үкімімен Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», -  делінген соттың хабарламасында.

Сот ҚР ҚК-нің 49-бабының 2-бөлігі негізінде ҚР Президентіне Мырзахметовты «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені  сынды мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

Мырзахметовтің мүлкіне салынған тыйым өз күшінде қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары