Илон Масктің компаниясы ғарышқа тағы 20 Starlink интернет спутнигін ұшырды

Аягөз Құрмаш

Айлақ Тынық мұхиты жағалауынан жөнелтілген

Илон Масктің компаниясы ғарышқа тағы 20 Starlink интернет спутнигін ұшырды
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

АҚШ-тың жеке ғарыш компаниясы SpaceX тағы 20 Starlink спутнигін орбитаға шығарды, оның ішінде 13-і ұялы телефондарға тікелей қосыла алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

SpaceX хабарлағандай, спутниктер Калифорниядағы Ванденберг әскери-әуе базасынан АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауында сағат 11:39-да Falcon 9 зымыранынан ұшырылды.

Бірнеше минуттан кейін Falcon 9 бірінші сатысы бөлініп, Тынық мұхитында орналасқан I Still Love You ұшқышсыз кемесіне қонды.

Кейінірек SpaceX 20 спутниктің ұшырылғанын растады.

Starlink сенімсіз, қымбат немесе мүлдем қолжетімсіз жерлерде жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған.

Еске салсақ, SpaceX компаниясын Илон Маск 2002 жылы ашқан болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.