$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.05.2024, 09:58
Оқиғалар

Темекі тасымалдайтын жүргізушіні өлтіріп, Алматы облысындағы шұңқырға көміп кеткен (ВИДЕО)

Осы қылмысты жасағаны үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен елімізде адам тонап,  кісі өлтіріп және ұрлық жасады деген күдіктіні Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан азаматы 2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында ағасымен бірге ауыр қылмыс жасады деген күдік бар: олар құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген.

Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, сотталса, ал екіншісі тергеуден қашып кеткен. Сондықтан құзырлы органдар оны халықаралық іздеуге салған. Түркиядан экстрадицияланған ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалған.

Серіктес жаңалықтары