14.05.2024, 13:25
Оқиғалар
Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салып, қаза тапты
Бозбала өз үйінде көз жұмды
Фото: Istockphoto
Шымкентте 11 сынып оқушысы суицид жасаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болды. Мектеп оқушысы үйінде өзіне қол салған. Шымкент білім басқармасының мәліметінше, бала есепте тұрмаған. Сыныптастарымен сөзге келмеген. Мектептегі оқу үлгерімі жақсы, белсенді болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
