«Ол кезге дейін Бишімбаев тірі бола ма, жоқ па, кім білсін!?»: Айтбек Амангелді үкімге қатысты ойын айтты

Автор: Темірхан Айжан

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевқа берілген жазаны әділ деп санайтынын жеткізді 

Фото: видеодан кадр

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа шыққан сот үкіміне көңілі толатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Осы сотталу ұзақтығына тоқтаймыз. 24 жылдан кейін ол 68 жаста болады. Қамаудағылардың жағдайын ескерсек, тіпті оның ол кезде тірі болатыны да белгісіз. Біз бар күшімізді салып, діттеген ойымызға жеттік», - деді Нүкенованың ағасы.

Айта кетейік, бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты.