13.05.2024, 17:57
Оқиғалар
Бишімбаев ісі: Сот үкімін естіген Салтанаттың анасы мен адвокаттар жылап жіберді
Жанна Оразбахова істің эмоционалды түрде қиын болғанын жеткізді
Фото: видеодан кадр
Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққанда Салтанат Нүкенованың анасы, туыстары мен адвокаттар көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Эмоционалды қиын болды. Жап-жас, сұлу, бүкіл болашағы алдағы әйелдің өмірін үзді. Ол бір қауым елдің ортасында өлді, оған ешкім қол ұшын бермеді. Бәрінен бұрын мені осы қорқытты. Адамдардың қатігездігі, бей-жай қарауы. Бұл бәрімізге сигнал болуы тиіс. Сіздің бей-жайлығыңыз біреуді өліміне себеп болуы мүмкін», - деді сот отырысынан шыққан адвокат жанна Оразбахова.
Айта кетейік, бүгін Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сот үкімі шықты.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
