$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісін бауыздап өлтірмек болған ер адам 10 жылға сотталды

Сотталушы бұдан бұрынғы соттың ескертуіне мойынсұнбаған 

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісін бауыздап өлтірмек болған ер адам 10 жылға сотталды
Фото: скриншот

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ілияс Серкебұлановқа кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық баптары бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сотталушының жасаған қылмыстары заң бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Сот оған 10 жыл бас бостандыған айыру жазасын тағайындады және жәбірленушілердің 5 миллионнан астам азаматтық талабын қанағаттандырды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2023 жылдың 27 қазанында Талдықорған қаласында Ілияс Серкебұланов өзінің бұрынғы сүйіктісі Адина Қуанбекқызының  жұмыс орнына барған. Сол жерде екеуінің арасында жалжал туындайды. Ер адам әйелді ұрып құлатып, жақын жерден кеңсе пышағын алып келіп, мойынан тіле бастаған. Сол кезде жәбірленушінің әріптесі араша түспек болады. Серкебұланов оған да күш көрсеткен. Мұның видеосы көпшілікке тараған еді.

Сонымен қатар, Қуанбекқызының бұрынғы жігітінен жүйелі түрде таяқ жеп келгені, тіпті Талдықорған сотының шешімімен Серкебұлановтың Адинаға жолауына шектеу қойылғаны айтылған болатын. Бірақ ер адам соттың шешіміне пысқырып та қарамай, қызды аңдуын тоқтатпаған.

Серіктес жаңалықтары