13.05.2024, 14:45
Оқиғалар
«Шатырға тығылған». Астана полициясы 20 жыл іздеуде жүрген алаяқты ұстады
Ресей азаматы алдымен Қырғыз еліне, кейін Қазақстанға қашып кеткен
видеодан скриншот
Астананы полиция департаменті Ресейде алаяқтық жасап, 20 жылдан бері ұстатпай жүрген азаматты шатырдың ішінен тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
53 жастағы ер адам Астанадағы туыстарының үйіне келіп, шатырына тығылған екен.
«Алматы аудан полиция департаментінің қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады. Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Ол үйдің шатырынан табылды», - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Қазір күдіктіні Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды