Қызылордада екі бала балконнан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды

Қызылорда қаласында балконнан екі бала құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ересектердің қарауынсыз қалған алты жасар бала мен жеті жасар қыз үшінші қабаттың балконынан құлап кеткен.

Балалар қалалық ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ еске салады:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.