13.05.2024, 10:15
Оқиғалар
Тасқын су келген Индербор ауылының бір бөлігі жарықсыз қалды
Қазір 300 адам ауылдың айналасына дамба орнатып жатыр
Фото: ТЖМ
Кеше түнде тасқын су келген Атырау облысы Индербор ауылының бір бөлігі жарықсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың ақпаратына сүйенсек, қазір ауданға келген су Жайыққа қарай жіберіліп жатыр.
«Апатты учаскенің айналасында үш деңгейлі бөгет салынып жатыр.Индербор ауылының бір бөлігі уақытша жарықсыз қалады. Сондай-ақ, резервтік бөгет салынып жатыр», - деді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов.
Оқиға орнында Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов және ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов бар. Ауданның арнайы техникасы жұмылдырылып, облыс орталығынан қосымша техника тартылды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды