Ақмола облысында екі адам пеш түтінінен уланып өлді

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел-жәрдем қызметі келгенше екеуі де жан тапсырған

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысына қарасты Макинск қаласында 22 жастағы әйел мен 11 жастағы қыз бала түтінге уланып қайтыс болды. Қайғылы жағдайға пешті дұрыс пайдаланбау себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай сенбі, 19 қазан күні тіркелді. Жедел-жәрдем қызметі келгенше екеуі де жан тапсырған.