06.05.2024, 07:13
Оқиғалар
Астанада жатақханадан өрт шықты
Өрттің алаңы 160 шаршы метрді құрады
Видеодан алынған кадр
Астанада Байқоңыр ауданының Жетісай көшесінде орналасқан бір қабатты жатақханада өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт болған нысанда электр қуаты сөндірілді.
Белгілі болғандай, 12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары өздігінен эвакуацияланды.
Өрт орнында 26 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеді. Оқиға орнына тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді.
"Өрт сөндірушілер жатақханадан 15 газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт 22:38-де оқшауланып, 01:01-де жойылды. Өрттің алаңы 160 шаршы метрді құрады", - делінген хабарламада.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты