Бишімбаев ісі: жарыссөздің екінші кезеңі басталды
Судья БАҚ өкілдерін сот залынан шығуды сұрады
Елорда сотында Бишімбаев ісі бойынша жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр. Оған алқабилер мен БАҚ өкілдері қатыспайды. Трансляция да тоқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұдан бұрын сот процессіне қатысушыларға, БАҚ-қа алқабилердің құзіретіне кірмейтін мәселелер талқыланатыны ескертілген. Сондықтан жарыссөздің екінші бөлімінде трансляцияны тоқтатуды, БАҚ өкілдерінен залдан шығуды сұраймын», - деді судья Айжан Құлбаева.
Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа 2023 жылдың қарашасында әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айып тағылған. Ал туысы Бақытжан Байжанов оның қылмысын жасырды деп айыпталып жатыр.
Күдікті Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып:
ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және 99-баптың 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылған.
Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып:
ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу фактісі бойынша айып тағылған.