Оқиға Созақ ауданында болды
Қырғыз Республикасының Созақ ауданында 29 баланы қағып кеткен шағын жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство басшысының орынбасары Октябрь Орманбетов өңірге барып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Іс Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Тәшиевтің бақылауында.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 25-тен 32-ге дейін өскен.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 2 мамыр күні «Манас» эпосының аңызы бойынша іс-шара барысында тау баурайында шағын жүк көлігі балаларды басып кеткенін жазған болатынбыз.