Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың профессор-оқытушылар құрамымен онлайн форматта кеңес өткізді
Өткен аптада коронавирус инфекциясымен күресуде қазақстандық дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету үшін Қытайдан бір топ медицина маманы келген болатын. Олар 2 апта бойы өңірлерді аралап, тәжірибесімен бөліседі.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының хабарлауынша, Қытайдан келген делегация Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларынан кейін Алматы қаласында болды. Құрамында ҚХР-дан келген 10 пульмонология, эпидемиология саласындағы жетекші мамандары бар делегация Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамымен онлайн форматта кеңес өткізді.
«ҚХР-дан келген мамандар Алматы дәрігерлерінің коронавирусқа қарсы күресте қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады және диагностика, емдеу және ұйымдастыру тұрғысынан жұмыстың қай тұсын күшейту қажет екені туралы ұсыныстарын айтты», - делінген хабарламада.
Қазір Қазақстанда коронавирус инфекциясын ең көп жұқтырған – Алматы қаласы (535 адам). Мегаполисте әзірге қауіпті індеттен жазығандардың саны 85-ке жетті.