30.04.2024, 11:36
Оқиғалар
Алматы облысында оқушы қыз сабақ үстінде қайтыс болды
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Фото: istockphoto.com
Алматы облысында 4-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қайғылы жағдай Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы орта мектепте болған. Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады.
«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысын аман алып қала алмады. Оқушы қыз жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды