ШҚО-да демалыс базасындағы үйлер өртеніп кетті

Автор: Аманалина Тоғжан

Өрттің себебі анықталып жатыр

Видео: ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстанда демалыс базасындағы үйлер өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Демалыс базаларының бірінде 3 жазғы ағаш үйлер өртенді. ТЖД қызметкерлері 269 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулады.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.