30.04.2024, 10:21
Оқиғалар
Таразда көлік қағып кеткен әйел мерт болды
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Таразда көлік қағып кеткен әйел көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін, 30 сәуірде таңғы уақытта болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
35 жастағы жаяу жүргінші әйел алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты. 30 сәуір күні таңғы сағат 4:30-да Тараздағы Шостакович көшесінде «Неке және отбасы» медициналық орталығына қарама-қарсы жерде BMW 525 көлігінің 23 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
«Әйел алған дене жарақатының салдарынан жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 12:49
Жамбыл облысында ер адам ауыл маңына есірткі егіп, 123 кг зиянды өнім жинап алған (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды