Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ
Семей қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, өрт аумағы – 25 ш.м.
«Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт 20 минут ішінде сөндірілді», - делінген хабарламада.
ТЖД құтқарушылары өрттен 4 адамды құтқарды. Сондай-ақ, баспалдақпен 31 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады.
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.