Өрттің себебі анықталып жатыр
Атырау облысының өрт сөндірушілері жиналған шөпті сөндіруде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 250 тоннаға жуық шөп өртеніп кеткен.
«Бүгін Құрманғазы ауданында Қаракөл ауылының шетінде ашық аумақта 250 тоннаға жуық шөптің өртенуі орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Мал қауіпсіз жерге айдалды», - делінген хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр.