28.04.2024, 23:52
Оқиғалар
Атырау облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды
Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді
Фото: istockphoto.com
Атырау облысында жол апаты болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік апаты Мақат ауданының аумағында болған.
«Кешкі сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 521-шақырымы тұсында Lada Kalina автокөлігі жолдың қарсы бетіне шыққан. Сөйтіп, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lada Kalina автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккендер Мақат аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Алайда, жеңіл көліктің жолаушысы ауруханада қайтыс болды», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 07:39
Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы